Ауған билігі интернетке тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауғанстан билігі ел аумағында интернетке кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығаратынын мәлімдеді, деп жазады Анадолы.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, байланыс жүйесіндегі үзілістер — ескі талшықты-оптикалық кабельдердің тозуы мен оларды ауыстыру жұмыстарымен байланысты.
Әкімшілік өкілдері пәкістандық журналистерге берген түсініктемесінде, зақымданған кабельдер қазіргі уақытта ауыстырылып жатқанын хабарлаған.
— Біз интернетке тыйым салдық деген қауесеттер шындыққа жанаспайды, — деп нақтылады ресми тұлғалар.
Бұған дейін бірнеше халықаралық және жергілікті БАҚ Ауғанстанда бірнеше сағат бойы интернет пен телекоммуникациялық қызметтер қолжетімсіз болғанын хабарлаған еді.
Flightradar24 қызметінің мәліметінше, Кабул халықаралық әуежайында байланыс ақауларына байланысты кемінде сегіз рейс тоқтатылған.
Сондай-ақ, жергілікті басылымдар кейбір қалаларда бірнеше апта бойы биліктің шешімімен талшықты интернет өшіріліп жатыр деген хабар таратқан болатын.