Ауған соғысы ардагерінің конституциялық құқы қорғалды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық соты қадағалау алқасының шешімімен ауған соғысының ардагері Г. деген азаматтың конституциялық құқы қорғалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауынгер-интернационалистің Көкшетау қалалық әкімдігіне пәтер кезегіне қою жөніндегі өтініші оның аз қамтылған отбасылар қатарына жатпайтындығына байланысты қанағаттандырылмаған. Тұрғын үй комиссиясы оның айлық көрсеткіші 12 мың 25 теңгеден артық болғандығын дәлелге келтіреді. Бірінші қаралымда сот бұл ұстанымның дұрыстығын айғақтаған. Келтірілген дәлелдердің негізсіздігін облыстық соттың қадағалау алқасы  ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы  қыркүйектің 8-дегі қаулысына сәйкес өзара келісімге орай жеңілдіктер мен кепілдер қай мемлекетте болмасын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге, олардың отбасыларына ескерілетіні турасындағы Келісімнің ратификацияланғанына сүйенген. Міне осылайша ҚР Конституциясының 25-ші бабы бойынша оның жергілікті жерде бірінші кезекте пәтер алуға құқылы екені жөнінде шешім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар