Ауған соғысына қатысқан қарағандылық полицейлерге наградалар берілді

«Ауған соғысының ардагері» ордені мен «Ерлік пен қаһармандық үшін», «Әскери әрекеттер ардагері» медальдарын полицияның 14 қызметкері алды. Олардың арасында - облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев, Абай аудандық ІІБ-ның орынбасары, полиция полковнигі Павел Фейст, Қарағанды қаласының орталық тірек пунктінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Өмірбек Пернебаев болды», - деп ақпараттандырады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Аталмыш қоғамдық наградалар ТМД мүше мемлекеттері үкімет басшыларының Кеңесіндегі жауынгер-интернационалистердің істері бойынша Комитетімен бекітілген.
Ауғанстанда 2000-нан астам қарағандылық өздерінің интернационалдық борыштарын атқарған, олардың ішінде 76-сы үйлеріне оралмады, деп еске салады полицияда. Ведомствоның мәліметттерінше, 28 жауынгер-интернационалист облыстық ІІБ-не қызметке кірген.