Ауған соғысында қаза тапқан 17 жауынгердің туған-туыстарының қан сараптамасы Ресейде құрылған ДНК бірыңғай мәліметтер банкіне жіберілді

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Ауған соғысында із-түссіз жоғалған жауынгерлерді іздеу халықаралық акциясы аясында қазақстандық 17 жауынгердің туыстарының қан үлгілерін ТМД Үкімет басшылары жанындағы Интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі комитеттің төрағасы,
None
None

Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушевке тапсыру шарасы өтті.

Алқалы жиын барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Мұхтар Ерманның атап өтуінше, ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысса, оның 924-і қаза тапқан. Сонымен қатар 20 жауынгердің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Оларды қазірге дейін туған-туыстары, жақындары іздестіру үстінде. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының бастамасымен және ардагерлер қауымдастығының көмегімен көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығын айтқан М.Ерман, «бүгінгі мәселе, осы тағдыры шешілмеген 20 жауынгердің ізін табу. Егер тірі болса амандығын тілеп, қаза тапса олардың атына құран бағыштап жаназасын беріп, топырақ салу керек», деді.

«Бүгін 17 жауынгердің туған-туыстарының қан сараптамасын Ресейге жібермекпіз. Бұл өте күрделі, өте терең зерттеуді талап ететін жұмыс. Осы жұмыстардың барлығын жерлесіміз, ТМД Үкімет басшылары жанындағы Интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі комитеттің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры, генерал Руслан Аушев мырза басқарады», деген М.Ерман бұл істе Ресей жағының үлкен демеушілік танытып отырғандығын да атап өтті.

Айта кетейік, аталған шара барысында із-түссіз жоғалған 20 қазақстандықтың 17-сінің туыстарынан қан үлгісін алуға мүмкіндік туды. Ал қалған үш азаматтың бірінің туыстары Украинаға көшіп кетсе, екіншісінің туғандарының мекен-жайлары табылмаған. ҚР Қорғаныс министрігінің мәліметтері бойынша, үшінші азамат Қостанай облысында жерленген.

Соңғы жаңалықтар