Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерге құрмет көрсетілді

ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы Аралтөбе ауылында ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер Уәлихан Базарбаевты еске алу шарасы өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған жауынгерді ол оқыған Аралтөбе орта мектебі қадір тұтады. Уәлихан Базарбаевты құрбы-құрдастары, туысқандары жылы сөзбен, ыстық ниетпен еске алды. Сонымен қатар осы ауылда тұратын өзге ауғандық жауынгерлерге де құрмет көрсетіліп, ат мінгізілді. Шара соңы волейбол жарысына ұласып, онда Жымпиты ауылының командасы жеңіске жетті. Жалпы, ауданнан ауған соғысына жиырма төрт жас қатысса, соның үшеуі елге оралмады.
Соңғы жаңалықтар