17:38, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Ауған жеріндегі ұрыстарға қатысқан әскери ұшқыш бүгінде қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы
ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына Қазақстаннан 22 мың адам қатысса, соның бірі – қазіргі кезде БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Данияр Ғалиев.

Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлім бастығы Қанат Жұмалиевтың айтуынша, БҚО-ның Бөрлі ауданында дүниеге келген Д.Ғалиев Киров әскери авиация-техникалық училищесіне түсіп, оны 1985 жылы үздік бітіреді. Венгрия жерінде «МИ-8» тікұшағында борт инженері болып әскери қызметін бастаған ол ауған соғысына екі мәрте қатысты. Бастапқыда 1986-1987 жылдары ауған жерінде әуеге 414 рет көтерілсе, кейін 1988-1989 жылдары аға лейтенант шенімен 329-интернационалдық тікұшақ полкінің құрамында болды. Бұл жолы 853 рет жауынгерлік тапсырма орындады.
Кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары мектебі мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери академиясын бітірген ол аға лейтенанттан подполковник шеніне, қатардағы қызметкерден департамент бастығына дейін көтерілді.