Ауғанстан арқылы жүк тасымалдайтын өзбекстандықтар үшін жол шығыны арзандамақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан Ауғанстанның уақытша үкіметімен жүк тасымалдаушылардан алынатын төлем сомасын төмендетуді көздейтін келісім жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Жүк тасымалы
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

Өзбекстанның Көлік министрлігінен мәлім еткендей, Өзбекстанда тіркелген жүк көлігінен Ауғанстан аумағына кіргені үшін алынатын төлем 3,5 мың афганиге (шамамен $53) төмендейді. Осы уақытқа дейін ол 5 мың афгани ($76) шамасында болған еді.

Бұған қоса, Әмудария арқылы өтетін «Достық» көпірімен жүру ақысы 12 мың афганиден ($182) 7 мың афганиге ($106) дейін арзандайды.

Осылайша, Ауғанстанға тауар тасымалдайтын немесе транзитпен өтетін өзбекстандық жүк көліктерінің жүргізушілері жалпы сомасы 6,5 мың афгани ($99) үнемдейді.

Соңғы жаңалықтар