05:40, 10 Қазан 2025 | GMT +5
Ауғанстан астанасында қатты жарылыстар болды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында екі қатты жарылыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.
Жарылыстардың толқыны қытайлық агенттіктің резиденциясында сезілген.
Кабул тұрғындары әлеуметтік желілерде жарылыстарды естігенін жарыса жазды.
Жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер қауіпсіз жерлерді паналаған. Ауғанстан билігі әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Бұған дейін Ауғанстанда автобус сайға құлап, 15 адам зардап шекті.