Ауғанстан аумағында екі мәрте жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 906 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында жер сілкінді. Бір сағат өткен соң осы аумаққа жақын тұста тағы да бір жер сілкінісі тіркелді.
«2016 жылғы 8 ақпанда Алматы уақытымен 06 сағат 33 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 906 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV тербелісі 4,3. Тереңдігі 200 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.
Арада бір сағат өткен соң сол аумақта тағы да бір жер сілкінісі тіркелді.
«2016 жылғы 8 ақпанда Алматы уақытымен 07 сағат 15 минут 39 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 877 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV тербелісі 4,7. Тереңдігі 200 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.