Ауғанстан аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 5 қазан күні 14 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауғанстан аумағында жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1062 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 12.1. MPV магнитудасы 5.4. Координаттары 37.13° с.е. 67.29° ш.б. Тереңдігі - 100 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.