Ауғанстан азаматтары қазақстандық шенеунікке пара беріп, Ресейге өтпек болды - ҰҚК

ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - ҰҚК Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, биылғы 16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.

Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген баспасөз-баянында.

Шекара қызметі
Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

 

Соңғы жаңалықтар