Ауғанстан делегациясы Қазақстанға астық мәселесі бойынша сапармен келеді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанның 4-і мен 5-і аралығында Қазақстанға Ауғанстан Ислам Республикасының Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Вахидулла Шахрани бастаған делегация сапармен келеді.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сапар барысында ауғанстандық мейман астық сатып алу, сауда-экономикалық байланысты нығайту және Ауғанстанға тауар тасымалдауға жәрдемдесу мәселелерін талқылайтын болады»,- деді Е. Ашықбаев.
Соңғы жаңалықтар