Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында бірнеше жерасты дүмпулері болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 760 шақырым жерде, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында бірнеше жерасты дүмпулері болды

Жерасты дүмпулері 7 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 35 минут 53 секундта тіркелді.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0. MPV магнитудасы - 4.4», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін, 4 сағат 15 минутта Ауғанстан аумағында тағы бір жер сілкінісі болған еді.