13:38, 20 Қараша 2015 | GMT +5
Ауғанстан Президенті: Қазақстан халқы тұрақты, гүлдеген әрі табысты мемлекет құрды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы тұрақты, гүлдеген әрі табысты мемлекет құрды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты.

«Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап біздердің өзара қарым-қатынастарымыз тереңдеп, кеңейе түсті. Ең алдымен мен сізді және барша қазақ халқын кездесулердің бірінде өзіңіз атап өткен табысты мемлекет құра алғандықтарыңызбен құттықтаймын. Сіз тек қана мемлекет құрып қана қоймай, оны тұрақты, гүлденген және табысты елге айналдырдыңыз», - деді Мохаммад Ашраф Ғани.