Ауғанстан соңғы 10 жылда демократия мен адам құқықтарын дамыту бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізді
Бүгінгі таңда елімізде демократия мен адам құқықтары саласында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда»,-деді бүгін Астанада Ауғанстан мәселесі бойынша өткен Халықаралық байланыс тобының отырысынан соң болған баспасөз мәслихатында Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Залмай Расул.
Оның сөзінше, елде сонымен қатар білім беру, сөз бостандығы сияқты мәселелер бойынша да қарышты қадамдар жасалуда. «Осының барлығы да ауған халқының күшімен, жанкештілігімен және көршілес елдер мен халықаралық қауымдастықтың арқасында қол жеткізіліп отырған жетістік»,-деді Ауғанстанның Сыртқы істер министрі.
Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі жиында оған қатысушылар Ауғанстанның бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктері де сөз болды. «Бұл біз үшін өте маңызды. Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мойнымызға үлкен жауапкершілік алып отырмыз және ол үшін жауап беруге дайынбыз»,-деді Залмай Расул.