Ауғанстанда 5,2 балдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 12:39-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауғанстанда 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 832-шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.3.

MPV тербелісі - 5,2. Тереңдігі - 170 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Фото: eudat.eu