Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді еске алуға арналған акция өтті - Семей

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Интернационалист-жауынгерлер» ескерткішінің алдына ауған жерінде болған жауынгерлер, қайтыс болған сарбаздардың ата-аналары, Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының тәрбиеленушілері, студенттер мен оқушылар жиналды.
Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 24 жылдығына арналған гүлдестелер қою рәсімін Семейдегі Ауғанстан соғысы ардагерлер ұйымы, Семей қаласы әкімшілігі ұйымдастырды.
«Осындай ауған соғысына қатысушы жауынгерлерді еске алуға арналған акциялар Өскемен гарнизонындағы «Интернационалист-жауынгерлер» мемориалында, Үшарал гарнизонындағы «Даңқ аллеясында», Аягөз гарнизонында өткізілді. Аталған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аға буын өкілдерінің жауынгерлік ерліктерін құрмет тұтты»,-делінген ведомство хабарламасында.