Ауғанстанда қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 29 маусым күні 10 сағат 30 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауғанстанда қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі болды

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 867 шақырым жердегі Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.0. Mагнитудасы -5,9. Тереңдігі - 35км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.