Ауғанстанда шетел жауынгерлері контингентінің артуы жақсы нәтижелер көрсеткен емес - ҰҚШҰ Бас хатшысы

МӘСКЕУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ауғанстанда шетел жауынгерлері контингенті санының артуы және олардың ауғанстандық қорғаныс құрылымдарымен өзара іс-қимыл орнату үшін жасаған операциялары есірткі трафикасының төмендеуі мен лаңкестік пен жанкештіліктің таралу деңгейін төмендеткен жоқ.
None
None

Бұл туралы сейсенбі күні Мәскеуде Сыртқы істер министрлері кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымының жанындағы Ауғанстан жөніндегі Жұмыс тобының оныншы отырысы барысында ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа мәлім етті. Іс-шараға сондай-ақ Ауғанстан жөніндегі ұлттық үйлестірушілер, ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің сарапшылары мен уәкілетті өкілдері қатысты.

Н.Бордюжаның сөзіне қарағанда, ортаазиялық аймақтар мен оның сыртындағы алыс аймақтардың барлығында жағымсыз пікір айтылып, халықаралық әлем мен қауіпсіздікке қатер тудырып отырған есірткі өндірісінің тоқтамай өсуі және Ауғанстанда шығарылған есірткінің заңсыз айналымға түсуі ең үлкен қауіп төндіріп тұр.

Соңғы жаңалықтар