Ауғанстанда тағы да жер сілкінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қыркүйек күні Алматы уақытымен 13 сағат 04 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 881 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7. Магнитудасы MPV 4.8. Ошағының бағыты 36.97° с.е. 70.52° ш.б. Тереңдігі – 80 км. Сезілуі туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада.
Айта кетсек, 5 қыркүйте Ауғанстанның шығысында жер сілкінісінен алты адам мерт болды.