Ауғанстанда талибтер Кандагар қаласын басып алды – БАҚ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларының бірі Кандагарды басып алғанын мәлімдеді. Бұған дейін тәліптер Кабул-Кандагар бас автомагистралінде орналасқан стратегиялық маңызды қала Газниді бақылауға алған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тәуелсіз дерекккөздер қаланың басып алыну туралы ақпаратты растаған жоқ, алайда әлеуметтік желілерде оның көшелерінде «Талибан» содырлары жүрген роликтер пайда болды.

Кандагарды басып алу – «Талибан» үшін маңызды стратегиялық жеңіс. Исламшылардың Ауғанстанның басым бөлігіне иелік етуі жалғасып жатыр. Бүгінде қақтығыстар тағы бір ірі қала Гератта болып жатыр.

Сәрсенбі күні Пентагонда американдық азаматтардың эвакуациялануын қамтамасыз ету үшін Кабул әуежайына әскерилер жіберілгенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай «Талибан» қозғалысы Ауғанстан аумағының 80 пайызын бақылау алған. Сондай-ақ, БҰҰ Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс туралы ескертті.




Соңғы жаңалықтар