Ауғанстанда тербелісі 4.8 жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 13 наурызда Алматы уақытымен 08 сағат 07 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Ауғанстанда тербелісі 4.8 жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Ауғанстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 883 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкіністің энергетикалық сыныбы - 10.7. Тербелісі - 4.8. Тереңдігі - 100 шақырым.
Алматыда жер дүмпуі сезілмеді», делінген хабарламада.