Ауғанстанда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 15 қарашада Астана уақытымен сағат 22:48–де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 болған. Ошақ 162 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 36,41 градусы мен шығыс бойлықтың 70,74 градусы аралығында тіркелді. Энергетикалық класы — 12,4.
Оқиғаның Қазақстан аумағында сезілгені туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, Қытайдың батысында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді.