Ауғанстанда жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — 27 қазанда Ауғанстан аумағында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді. 

Ауғанстанда жер сілкінді
Фото: hurriyet.com.tr

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 19:09-да (Гринвич уақытымен 14:09-да) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 36,62 градусы және шығыс бойлықтың 69,52 градусы нүктесінде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,9, энергетикалық класы 11,7 болды. Жерасты дүмпуінің ошағы 70 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.