Ауғанстандағы жағдай күрделенсе көші-қон ағыны күшеюі мүмкін - В. Божко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы жағдайдың ушығу ықтималдығына орай көші-қон ағыны күшеюі мүмкін. Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко осылай мәлім етті.

Ауғанстандағы жағдай күрделенсе көші-қон ағыны күшеюі мүмкін - В. Божко

«Біз Ауғанстандағы жағдайдың күрделеніп бара жатқанын, оның ушығу мүмкіндігін түсінуге тиіспіз. Сондықтан да, бәріне әзір болуымыз керек, ең бастысы бізге босқындардың ағыны жағдайын да, көші-қон процесстерінің күшею үдерісін де қаперде ұстаған ләзім. Мемлекет осы үдерістерді назарда ұстап отыр, сондықтан да, біздің еліміз үшін осындай қатерлерге дер кезінде ден қою маңызды», - деді В. Божко.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы соңғы оқиғалар туралы назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан да, министрлік бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр.