Ауғанстандағы жағдайды реттеуге Қазақстан атсалыспақ

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы жағдайды реттеуге Қазақстан атсалыспақ, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Еуродақ 2014 жылы Ауғанстандағы жағдайды реттеу істерінде Қазақстанға сенім артып отыр. Халықаралық коалицияның әскери күші Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұл елдегі жағдайды реттеу істерінде Қазақстан Еуроодақтың стратегиялық әріптесі болмақ. Бұл туралы арнаға берген арнайы сұхбатында сыртқы саясат бойынша Герман кеңесі жанындағы Бэртольд Байц атындағы орталықтың директоры Эвальд Белке айтты. Ол: «Қазақстан - Ауғанстанға гуманитарлық және экономикалық көмек беруге мүмкіндігі бар халықаралық қауымдастықта алатын рөлі зор тұрақты мемлекет. Іске асырылып жатқан түрлі жобалар - осының дәлелі», - дейді сарапшы. «Өкінішке орай, соңғы 10 жылда Ауған еліндегі жағдай жақсара қойған жоқ. Халықаралық ұйымдар, НАТО әскері мен коалиция күштері шығарылғаннан кейін, елдегі жағдайды қалай реттеуге болатындығын нақты айта алмайды, бізге әлі көп нәрсені үйрену керек. Әсіресе, Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстаннан үйренуге болады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар