Ауғанстандағы жер сілкінісінен 40-тан астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Ауғанстанның шекаралас ауданында орын алған жер сілкінісінен кейін Пәкістанның солтүстік-шығысында Пешавар қаласындағы ауруханаға кем дегенде 41 адам түсті, деп хабарлады дәрігерлер мен құтқарушыларға сілтеме жасай отырып, Dawn басылымы.
None
None

Ауғанстанмен шекарада орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясының үкіметі жер сілкінісінен кейін өңірге қауіптіліктің «қызыл» деңгейін енгізді. Биліктің жер дүмпуінен кейін бірқатар ескі ғимараттар қирағанын растады. Еске сала кетейік, 6.2 баллдық жер сілкінісі жұма Тәжікстан мен Пәкістан шекарасында Ауғанстанның Бадахшан провинциясында орын алды, деп жазды РИА Новости. Сондай-ақ Тәжікстанда, Пәкістанда, Үндістанда, Қазақстанда оның жер асты дүмпуі сезілді.

Соңғы жаңалықтар