Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Шымкент пен Таразда сезілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 16:28-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 787 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 14.5, тербелісі - 6,8. Тереңдігі - 20 шақырым.
Жер асты дүмпуі Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.