Ауғанстанға тасымалданатын жүк транзиттерінің мәселелерін Қазақстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның теміржолшылары талқылайды

ТАШКЕНТ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Бейсенбі күні Ташкентте Қазақстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның теміржол тасымалымен айналысатын министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің үшжақты кездесуі басталады.
None
None
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлағанындай, келіссөздерде пойыздар өткелдеріндегі халықаралық түйісу бекеттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді талқылау жоспарлануда. Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тасымалдау үдерісі жөніндегі атқарушы директоры Қанат Әлмағамбетов, түркіменстандық делегацияны ? теміржол көлігі министрінің орынбасары Байрам Анамурадов, ал өзбекстан делегациясын ? «Узбекистон темир йоллари» кәсіпорны басшыларының бірі басқарып келеді.Бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі Орталық Азия арқылы Ауғанстанға жүктерді тасымалдаудың құрғақтағы транзиті болып отыр. Ресей және ТМД-ның бірқатар елдері «Талибан» және «Ал-Каеда» қозғалысына қарсы операцияға қатысатын әскери бөлімшелердің әскери мақсатқа арналмаған жүктерді жөнелту үшін өз коммуникацияларын АҚШ-қа ұсынуға даяр екендіктері туралы мәлімдеген болатын.
Соңғы жаңалықтар