Ауғанстанның қазіргі билігімен жұмыс істеу керек - Владимир Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат – РФ президенті Владимир Путин Ресей мен Орталық Азия елдері Ауғанстанның қазіргі билігімен бірлесіп жұмыс істеу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Біз Талибан қозғалысының басшылығымен қажетті байланысты қолдаймыз. Ауғанстанда азаматтық соғысты қайта болдырмау біздің мүдде үшін маңызды. Экономикалық құлдырау жағдайында Талибан үкіметі Ауғанстан үшін дәстүрлі ақша өндірудің кейбір түріне жол беруге мәжбүр. Оның ішінде есірткі бизнесі де бар. Мұны бәрі де біледі», - деді Владимир Путин Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Ресей» саммитінде.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының басшысы Ауғанстанның қазіргі билігімен бірлесіп жұмыс істеу керектігін айтты.

«Шетелдік арнайы қызметтердің қысымымен талибандар солтүстікте лаңкестердің тірек базаларын салуына көз жұма қарайды. Әрине, біз Ауғанстанның қазіргі билігімен жұмыс істеуіміз керек. Бұл - біздің осы бағыттағы бірлескен жұмысты мұқият талдау мен үйлестірудің негізі», - дейді ол.

Бұған дейін В. Путин Ресей мен Орталық Азия елдері арасында перспективаға ие бағыттарға тоқталған еді.

Айта кетейік, Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтіп жатыр. Жиынға 6 елдің басшысы қатысуда .


Фото: t.me/bort_01





Соңғы жаңалықтар