Ауыл мен қала халқының қайсысы аурушаң – министрлік жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов ауыл мен қаладағы аурушаңдық көрсеткіштері туралы пікір білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министрден ауыл мен қала халқы қандай ауруларға жиі ұшырайтынын сұрады. Тимур Мұратов сұраққа жалпылама ғана жауап берді.
- Жалпы ауыл мен қала халқының аурушаңдығы, науқастану жиілігі, аурушаңдық сипатында айырмашылық жоқ. Бәріміз адамбыз. Бәріміздің ағзамыз бірдей. Ауылдарда жарақат алу көрсеткіші аз екенін сенімді түрде айта аламын, қаладан қарағанда жарақат алу аз, - деді ол.
Оның сөзінше, 2025 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ауылдарда денсаулық сақтауды дамытуға 690 млрд теңге бөлінген.
Бұған дейін қайтарылған активтер қорынан 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандар салуға жұмсалатынын жазған едік.