«Ауыл» партиясының өкілдері Президент тапсырмаларын түсіндіруге кірісті

АСТАНА. KAZINFORM - «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Екінші форумында берілген Президенттің тапсырмаларын кеңінен түсіндіру жұмысына кірісті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Ауыл" партиясы Президен тапсырмаларын  түсіндірді
Фото: «Ауыл» партиясы

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Екінші форумы өтті. Мемлекет басшысы өңірлердің дамуына айрықша назар аударып, ауылдың ұлттық экономиканың өсу нүктесі екенін атап өтті: «Түптеп келгенде, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне жалпы ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн».

Мемлекет басшысы өңірлердің дамуы агроөнеркәсіптік кешеннің тікелей функциясы екенін ерекше атап өтті.

«Ауыл» партиясы Президент тапсырмаларын түсіндіріп жүр
Фото: «Ауыл» партиясы Президент тапсырмалары

Оның айтуынша, АПК-нің дамуы ауылдық аумақтардың нығаюына, ал бұл өз кезегінде өңірлер мен жалпы елдің өсуіне ықпал етеді.

Форум өткізілгеннен кейін дереу «Ауыл» партиясы Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен бастамаларды түсіндіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы делегациясы, партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың басшылығымен Сырдария ауданының Бесарық ауылына барып, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативінің және фермерлік шаруашылықтардың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, шаруалар мен агроөнеркәсіптік сала қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында ол Президенттің ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, мал шаруашылығын қолдауды кеңейтуге және АӨК-ті жаңғыртуға бағытталған негізгі идеялары мен бастамаларын жан-жақты түсіндірді.

«Ауыл» партиясы
Фото: «Ауыл» партиясы

Сонымен қатар, партия төрағасы Қызылорда облыстық филиалының активімен кездесті.

Кездесу барысында аймақтық деңгейде Президент тапсырмаларын жүзеге асыру механизмдері, сондай-ақ «Ауыл» партиясының Президент қойған міндеттерді іске асырудағы рөлі мен орны талқыланды. Кездесу аясында партияның ең белсенді мүшелері ведомстволық наградалармен және «Ауыл» партиясының мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

«Ауыл» партиясы
Фото: «Ауыл» партиясы

Сапар барысында Серік Егізбаев «Қайсар» волейбол және гандбол командасының ойыншыларымен де кездесті. Спортшылар ауыл аймақтарын дамыту стратегиясын қолдайтынын білдіріп, «Ауыл» партиясына қосылу шешімін қабылдады. Салтанатты жағдайда оларға партиялық билеттер табысталды.

Соңғы жаңалықтар