Ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 3,7 млрд теңге қаржы жұмсалады

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 3,7 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев айтты.

бюджет
Коллаж: Kazinform; Freepik

— Бөлінген бюджет мәселесіне келсек, санақ жұмысы республикалық бюджеттен 2025 жылға 3,7 млрд. теңге сомасында қаржыландырылады. Бір респонденттің құны 3,2$. Шығындардың негізгі бөлігі техникалық қолдау мен еңбекақыға байланысты, — деді ол ОКҚ алаңында.

Сондай-ақ спикер санаққа қанша интервьюер тартылатынын атап өтті. 

— Санақ жүргізу үшін біз жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурстық іріктеуден және арнайы оқытудан өткен барлық ниет білдірген азамат санатынан 3700-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз, — деді Мақсат Тұрлыбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Бюро санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінгені туралы мәлімет берген болатын.

Бұған дейін санақ кезінде дерек беруден бас тартқандарға қандай жаза барын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар