Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

«Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға «Отбасы» банкі 300 млрд теңге тартып жатыр. Бұл - бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның атап өтуінше, алдағы мамыр айында бағдарламаның барлық шарты жария етіледі.

«1 мамырда бағдарламаның барлық шартын толықтай жария етеміз. Ол 1 мамырдан басталады. Қазіргі уақытта оған нарықтан қаражат тартып жатырмыз. Тек аздаған уақыт қажет. Сондықтан бағдарлама 1 мамырдан басталады. Министрлік пен «Отбасы» банкі қызметкерлеріне тағы бір мәрте жеке баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарлама жайында айтып беруді өтінеміз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар