Ауылға баратын дәрігерлер мемлекеттен қандай төлемдер алады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ана мен баланың денсаулығын сақтау және мамандармен қамту шаралары туралы айтып берді.

коммунальные счета коммуналдық төлемдер
Фото: freepik.com

«Бүгінгі таңда елімізде 5 мыңнан астам акушер-гинеколог (оның ішінде ауылда – 792) және 9 мыңнан астам акушер (ауылда – 3 358) жұмыс істейді, олар жыл сайын 400 мыңға жуық жүкті әйелді қадағалап, босандырады», - деді М. Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Балаларға медициналық көмек көрсету үшін 4 мыңнан астам балалар дәрігері және мыңнан астам неонатолог қызмет етеді.

Кадрлық әлеуетті нығайту үшін министрлік соңғы екі жылда мақсатты гранттарды екі есеге ұлғайтты.

Ауылдық жерлерге медицина мамандарын тарту үшін әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті әзірленді. Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен жас мамандар көтермеақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие және жалақыға қосымша төлемдер алады.

«2024 жылғы қаңтардан бастап аудан орталықтарына жұмысқа келген мамандарға арналған бюджеттік кредит 2 500 АЕК-ке дейін (9,2 млн теңге), ал ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке (7,3 млн теңге) дейін өсті. Бұдан бөлек, 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, оған сәйкес ауылдық жерлерге жұмысқа келген, тапшы мамандықтар бойынша медициналық қызметкерлерге 100 АЕК (2024 жылға 8,5 млн теңге) төленеді», - деді департамент директоры.

Айта кетейік, биылғы жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша елімізде 275 мың нәресте дүниеге келген.

Осыған дейін Атырау дәрігерлерінің ауыр пневмонияға шалдыққан нәрестені аман алып қалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар