Ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам Грузиядан экстрадицияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Ақмола облысында адам өлтіру, ұрлық дерегі бойынша іздеуде жүргендер ұсталды
Фото: Павлодар облыстық соты

Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүліктерін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Биылғы қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

- Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,-делінген хабарламада.

Осыған дейін мемлекетке 1,3 млрд теңге залал келтірген күдікті де Грузиядан экстрадицияланғанын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар