Ауыр жүк көліктеріне қойылған шектеу құрылысқа қалай әсер етеді
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде ауыр жүк көліктеріне қойылған шектеу құрылыс саласына кері әсер етіп жатыр.
— Мәселе мынада: бүгінде 10 текше метрлік бетон тасымалдайтын миксерлерді, яғни автобетон араластырғыштарды пайдалануға және тасымалдауға іс жүзінде тыйым салатын талаптар бар. Сонымен қатар, оське түсетін жүктемесі жоғары көліктерді қолдануға да шектеулер енгізілген. Электронды салмақ өлшеу жүйелері енгізілгеннен кейін Астана қаласында кейбір материалдардың құны екі-үш есеге дейін қымбаттады, — дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Құрылыс және жер қатынастары» салалық кеңесінің төрағасы Вячеслав Лазаров.
Спикердің айтуынша, бұл құрылыс құнына әсер етуі мүмкін.
— Бетонның бағасы, бетон тасымалдау құны және ірі жүк көліктерін пайдалану шығындары да бірнеше есе артты. Бетон — кез келген құрылыста негізгі материал, оның қымбаттауы жалпы сметалық құнды арттырады. Бұл нені білдіреді? Алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдеуі әбден мүмкін, — дейді маман.
Айта кетейік, елімізде соңғы 11 айда 1 млрд 764 млн жолаушы тасымалданған.