Аукционда болмашы ақшаға сатылған жабық сандық XVIII ғасырдың қазынасына толы болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік   Йоркшир  графтығындағы  Мидлсбро қаласында Майкл Гудер, Дэнни Оуэнс және Энтони Франческо өзара бірігіп Magnum Storage аукционынан жабық жәшік сатып алған.

Аукционда болмашы ақшаға сатылған жабық сандық XVIII ғасырдың қазынасына толы болып шықты

Лот достар үшін небәрі 260 фунт стерлингке түсті. Олар сандықты ашқан кезде ішінен алтын және күміс, фарфор ыдыстар, бұған қоса XVIII ғасырдағы кеме журналы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шарап және өзге де бірнеше ежелгі ыдыстар шықты. Енді олар осы құнды  заттарды бірнеше мың фунт стерлингке сатуды жоспарлап отыр.

null 

Бұл қазынаның нақты құны әзірге белгісіз, бірақ достар бұлардан кем дегенде бірнеше мың стерлинг ақша түседі деп есептеп отыр.

null 

Айта кетсек, бәссаудаға  16 жабық контейнер қойылған.