Ауқымды істер атқарылып, негізгі экономикалық көрсеткіштер ілгері басты - Д.Ахметов

«Құрметті жерлестер!
Санаулы сәттерден кейін біз жаңа - 2016 жылға қадам басамыз.
Өткен жыл өңіріміз үшін жемісті болды. Қиындықтарға қарамастан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасын орындап, толайым табыстарға қол жеткіздік.
Жыл көлемінде, ауқымды істер атқарылып, негізгі экономикалық көрсеткіштер ілгері басты. Өңірге инвестициялар тартылып, өзекті мәселелер шешімін табуда.
Биыл айтулы шараларға толы, ынтымақты жыл болды. Бірлігі мен берекесі жарасқан, ырысы мен ынтымағы тасыған, Мәңгілік ел болуды мұрат еткен, көпұлтты халқымыздың айбыны арта берсін!
Ардақты ағайын, Жаңа жыл баршаңызға бақыт пен береке әкелсін! Келер жылда әрбір шаңыраққа шаттық пен қуаныш тілеймін! Мемлекет тұғыры берік, ел рухы биік болсын!
2016 жыл елімізді жаңа белестерге шығаратын жемісті жыл болсын!
Мереке құтты болсын!», - делінген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауында.