Аулаларды су басты: Нұр-Сұлтанда қар суымен күрес қалай жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары аулаларын су басқанына шағымданып жатыр. Алайда қала әкімдігі су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматы ауданында су тасқынмен күрес, қар шығару және арықтарды тазалау жұмыстары күшейтілді. Ауданның коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», деп атап өтті астана әкімдігінен.

Ал аудан әкімдігінің мәліметінше, арнайы штаб құрылып, су тасқынына қарсы шаралар жоспары бекітілген. Қазіргі уақытта ауданда су басу қаупі бар жеті учаске анықталып отыр.

Олар мыналар: Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабында Есіл, Бұқтырма, Ертіс, Қозыбасы, Қобыланды батыр, Сарыкөл, Қоңыраулы, Мойынты, Түлкібас, Баянтау, Балбырауын, Шабыт көшелері; Өндіріс тұрғын үй алабында Көкжелек, Бәйшешек, Көкарал, Атамұра көшелері; Достық шағын ауданында Гольф клубқа баратын жол, Сүткент, Жылыбұлақ көшелері; Железнодорожный тұрғын үй алабында Иманақ, Төреқұлұлы, Жабаев көшелері, «Нұрлы жол» вакзалы ауданы және Индустриалдық парк аумағы.

«Байқоңыр» ауданында әкімдік қызметкерлері күн сайын су басуы мүмкін учаскелерді аралап, ондағы жұмыс барысын қадағалауда. Шет аймақтағы тұрғын алаптардан бөлек, «Тұлпар» сауда орталығының да маңайындағы қазіргі жағдай бақылауға алынған.

«Қазіргі аталған аумақта жолдардан еріген қар суларын сору, сондай-ақ су басқан аулалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыс барысына арнайы 5 бірлік АС машинасы бекітілді, қосымша 4 бірлік фронталды тиегіш, 8 бірлік самосвал және 8 адам жұмылдырылды», - деп атап өтеді аудан әкімдігінен.

Сарыарқа ауданында үш қауіпті аймақ, төрт сазды жер және тұрғын үй алаптарындағы бірқатар көше анықталып отыр.

«Өкінішке орай су басу жылда қайталанады. Бұл жердің ерекшелігіне байланысты. Сондықтан бізде іс-әрекеттің нақты алгоритмі бар», - деді әкімдіктен.

Байқоңыр ауданында да су басу қаупі бар учаскелер күнделікті тексеріліп отыр.


Соңғы жаңалықтар