Әулиекөл ауданындағы ірі өрт: Орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды

Екі жасар өгей ұлын өлтірген Теміртау тұрғынына сот үкімі шықты
Фото: Kazinform

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Басаман орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан селқостық танытқаны үшін сотталды. Ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Каzinform агенттігінің тілшісі.

Бірінші инстанция сотының 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі жойылды. Сот алқасы ағаш дайындаушылардың әрекетіне жұмыскерлерді учаскелерге арнайы билетсіз жіберген орман шаруашылығы бөлімінің бастығы жауапты болуы тиіс деп есептеп, жазалау ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қайта қарастырылды.

“Лауазымды тұлға бола тұра, ол орманда жұмыс жүргізу үшін ағаш кесушілер Т., М., М., Б., Е., А.-ларды өзінің карта шотына ақша аударуды міндеттеді. Ол директор ретінде мемлекеттік ағаш дайындаушылар бригадаларын таратып, орман учаскелерін өзі жасаған жиынтық акт бойынша нақты белгіленген ағаш кесушілерге және тиісті ағаш кесу билеттерін бермей бөлген», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметінен.

Істің барлық мән-жайлары айғақтармен, сондай-ақ ақша аударымдардың болуымен расталды (сома шамамен 15 млн. теңгені құрады). Келтірілген шығын – 4 млн теңгеден астам.

“Заңсыз ағаш кесу фактілері Әулиекөл аудандық сотының сот актілерімен анықталды. Ағаш кесушілердің жауаптары, оның есеп шотына ақша аударымдары және заңды күшіне енген сот актілері Ж.-ның ағаш дайындаушылардан ақша алуы мен ағашты заңсыз кесу арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайды” - делінген сотта.

Ормандарды қорғау туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес Ж. орман шаруашылығы басқармасының жұмысын ұйымдастыру және басқарумен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді (ағаш кесу және орман билеттерін беру) ұйымдастырады. Бұрынғы басшы өрт қаупі жоғары кезеңде орманда жұмыс істеуге тыйым салынғанын білгенімен, ағашты заңсыз кесуге жол берген.

«Осылайша, өртке қауіпті маусымда ағаш кесушілерге мемлекеттік орман қорында жұмыс жүргізуге рұқсат бере отырып, мұндай жұмыстарға тыйым салынғанын анық біле тұра, Ж. ағаш кесушілер үшін артықшылықтар берді, яғни өзінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды», - деп атап өтті ведомстводан.

Бұл дәлелдер істі қайта саралауға негіз болды - ҚР ҚК 371-бабының 2-тармағы ҚК-361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағына айналды.

“Сот алқасы жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау кезінде сотталған адамның жеке басын, жасалған қылмыстың ауырлығын, жеке және заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіру ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға және жануарлар дүниесіне зиян келтіру түріндегі зардаптарды, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы, сондай-ақ ҚК 52 және 55-баптарының талаптарын ескерді», - деп қорытындылады сот алқасы.

Бұрынғы басшы жазасын орташа тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Жәбірленруші азаматтық талапкер - жеке тұлғалар, «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» ММ және мемлекет мүддесін көздеп талап арыз берген прокурор талап арызды қанағаттандыруға құқылы деп танылып, оның сомасы туралы мәселе азаматтық сот ісін жүргізуде қарау үшін сотқа жолданды.

Еске сала кетсек, Қостанай облысы Әулиекөл ауданында 2022 жылы ірі орман өрті болады. Оны сөндіруге сегіз тәулік кетті.

Өрт кезінде жалпы сомасы 18 млрд теңгеден астам 39 мың гектардан астам орманды және орманды емес алқап жойылды. Сондай-ақ жалпы сомасы 600 млн теңгеден астам тұрғын үйлер, шағын кәсіпорындар, құрал-жабдықтар, орман шаруашылығының мүлкі өртенді. Материалдық шығынның орнын толтыру және өртті сөндіруге мемлекет бюджеттен 2,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады.

Соңғы жаңалықтар