Аумақтарды дамыту бағдарламалары ЭЫДҰ ұсынымдамалары тұрғысында қайта пішімделуі тиіс - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аумақтарды дамыту бағдарламалары ЭЫДҰ ұсынымдамалары тұрғысында қайта пішімделуі тиіс. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.
None
None

«Сапалы жоспарлауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистиканың анықтығын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан сапалы статистикалық мәліметтер беруде респонденттер мен әкімшілік көздерінің жауапкершілігін арттыру маңызды», - деп жазады ҚР Президенті.

Елбасының атап өтуінше, осы жайлардың бәрі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында ескерілген.

«Менің тапсырмам бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарына ревизия және оңтайландыру жүргізілді. Бұдан әрі де барлық деңгейлердегі бағдарламаларды жоспарлауда, әзірлеуде және жүзеге асыруда ЭЫДҰ ұсынымдамаларына негізделген 5 шешуші қағидат - негізділік, сабақтастық, транспаренттілік, мониторинг және бақылауды нақты сақтау қажет. Аумақтарды дамыту бағдарламалары да осы тұрғыда қайта пішімделуі тиіс», - дейді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы барлық жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды Премьер-Министр басқаратын консультативтік-кеңес беруші орган қарауы керектігін ескертіп өткен.

Аумақтарды дамыту бағдарламалары ЭЫДҰ ұсынымдамалары тұрғысында қайта пішімделуі тиіс

Соңғы жаңалықтар