10:56, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Аурудың азабын тартқан қыз өз жанын өзі қиды
ҚАРАҒАНДЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханада 26 жастағы қыз терезеден секіріп, мерт болды, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«Қант диабеті» диагнозымен ауруханада емделіп жатқан науқас өз жанын өзі қиды. Қыз бесінші қабаттағы дәретхананың терезесінен секірген. Алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.