09:21, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Аурухана жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтылды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысына қарасты Меркі аудандық ауруханасында көптен күткен ана мен балаға арналған жаңа құрылғы пайда болды.

Бұндай сыйды меркілік дәрігерлерге қоғамдық қордың бірі жасады. Енді мұнда жоспарлы түрде операция жасауға мүмкіндік туып отыр. Мәселен, аппарат науқастардың қан қысымы мен жүрек соғысын автоматты түрде реттейтін болса, ендігісі өмірге жасанды жолмен келген нәрестелерді қоршаған ортаға бейімдеу үшін таптырмайтын құрал. Айта кетейік, Меркі ауданында жылына 1500 сәби дүниеге келеді.
«Көп операцияларды істеуге ауылдың қауқары жетпейтін. Сондықтан қалаға жіберетінбіз. Енді ауылымызға келген жаңа аппараттар сол жұмысты жеңілдете түспек», - дейді Меркі аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ұлан Көктеубаев. Бұл туралы 24.kz хабарлады.