Аусыл мен құс тұмауы: Әзербайжан кейбір елден импортты тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Жануарлар мен құстардың ауруларына байланысты Әзербайжанда кейбір өңірден импортқа уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) ресми деректеріне сәйкес, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында аусыл, Солтүстік Македонияның солтүстік-шығыс, Пелагония және шығыс аймақтарында, Словенияның Нотранск-Крашка өңірінде блютанг ауруы, Камбоджа Корольдігінің Баттамбанг провинциясында, Испания Корольдігінің Эстремадура автономиялық қауымдастығында және АҚШ-тың Пенсильвания штатында жоғары патогенді құс тұмауы тіркелді.
Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің (АҚА) Ақпараттық қамтамасыз ету және инновациялық шешімдер басқармасы мәлімдеді.
Агенттік осы жұқпалы аурулардың республика аумағына таралуының алдын алу мақсатында және аталған аумақтардағы зонирлеу қағидатын ескере отырып, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының «Жер үсті жануарларының денсаулық кодексіне» сәйкес, қостұяқты жануарларды (ірі және ұсақ қара мал, шошқа, түйе және т.б.), олардың өнімдерін, құс пен құс шаруашылығы өнімдерін импорттауға уақытша шектеулер енгізгенін хабарлады.
Сонымен қатар, Әзербайжан Мемлекеттік кеден комитетіне тиісті шаралар қабылдау туралы ресми өтініш жолданды.
Бұдан бұрын Әзербайжанда маңызды ақпараттық инфрақұрылымның қауіпсіздігін бақылау жөніндегі бірлескен комиссия құрылғаны анықталды.