Australian Open: Александр Недовесов тартысты матчта есе жіберді
ОРАЛ. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда португалиялық Нуну Боргес – аустралиялық Александр Вукичпен кездесті.
Бірінші партияда португалиялық-аустралиялық дуэт 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте Недовесов – Эскобар қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші партияда Н.Боргес пен А.Вукич жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:7)
Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-эквадорлық жұп 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелсе, қарсыластары 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Александр Недовесов жарыс жолынан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Испанияда негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз.