Australian Open: Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен дулыға» турнирінің 8-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен үндістандық Саня Мирза екінші айналымда украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Алисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда украиналық-бельгиялық жұп 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте А.Данилина мен С.Мирза дәл сондай есеппен есе қайырды. Алайда үшінші, шешуші партияда жеңіліс тапты – 2:6.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-үндістандық дуэт 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 2 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина кеше Александр Недовесовпен бірге миксте де ұтылып қалған болатын.

Осылайша, Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана жекелей және жұптық сында жарысты жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды.

Фото: ktf.kz



Соңғы жаңалықтар
telegram