Australian Open: Бейбіт Жұқаев жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Аустралия ашық чемпионаты
Фото: bassport.kz

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Уго Гастонмен шеберлік байқасты. Бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, онда франциялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:3). 

Екінші сетте есеп 2:1 болып тұрған кезде Гастон брейк жасап, ойынды өз қолына ала білді. Ал, 5:3 кезінде франциялық теннисші допты ойынға қосқанда Бейбіт төрт бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Осылайша бұл сетте де 3:6 есебімен қарсыласына жол берді. 

1.30 сағатқа созылған кездесуде Жұқаев 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Осылайша, іріктеу сынына қатысқан Тимофей Скатов, Денис Евсеевптен кейін Бейбіт Жұқаев та жарыс жолынан шығып қалды. Енді ерлер арасындағы негізгі турнирде Қазақстаннан Александр Бублик пен жұптық сында Александр Недовесов бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына өткенін хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар