Australian Open: Новак Джокович финалдан тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Әлемнің 1-ракеткасы, сеобиялық Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының финалына шыға алмады.

новак джокович
Фото: Instagram/djokernole

Осыған дейін Аустралия біріншілігінде он рет чемпион атанған сербиялық спортшы жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен бетпе-бет келді.

Тартысты бәсекеде күтпеген жерден италиялық теннисші 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 мәрте чемпионы Новак Джокович Аустралия чемпионатында 2018 жылдан бері алғаш рет жеңіліс тапты.

Ол өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады.

Екінші жартылай финалда ресейлік Даниил Медведев пен германиялық Александр Зверев кездеседі.

Финал 28 қаңтарға белгіленген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Ева Корышеваның Аустралиядағы жарыстың финалисі атанғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар