Australian Open: Скатов пен Кукушкин жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әлемнің 144-ракеткасы Т.Скатов іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 155-орында тұрған чилилік Николас Харримен кездесті.

Тартысты өткен матчта Тимофей бірінші таймда 6:4 есебімен басым түскенімен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 5:7, 1:6.

Рейтингте 195-орындағы М.Кукушкин үш сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде әлемнің 138-ракеткасы, жапониялық Йосуке Ватанукиге 6:4, 6:7(3:7), 3:6 есебімен жол берді.

Осылайша, Т.Скатов та, М.Кукушкин де іріктеу сайыстарының финалына шыға алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Australian Open турнирінде өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің жартылай финалына өтті.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар